Тrаnsmіssіоn Соntrоl Рrоtосоl / Іntеrnеt Рrоtосоl (ТСР/ІР) -гетерогенді (әртүрлі) ортада байланысты қамтамасыз ететін өнеркәсіптік хаттамалар тобы, яғни әртүрлі типті компьютерлер арасындағы үйлесімділікті орнатады. Үйлесімділік - ТСР/ІР хаттамалар стегінің ең маңызды артықшылықтарының бірі, сондықтан да ЖЕЖ-нің көпшілігі оны қолдайды. Сонымен қатар ТСР/ІР Интернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді және өнеркәсіп аумағындағы желі үшін бағыттауыш хаттама болып табылады. ТСР/ІР бағыттауды қолдайтындықтан, көбінесе желіаралық хаттама ретінде пайдаланылады. Өзінің кең тарауының арқасында, ТСР/ІР желілік әрекеттесудің сөзсіз стандартына айналды. ТСР/ІР ашық жүйеге негізделген және ОSІ үлгісінің жүйелік архитектурасына сәйкес келеді.
Місrоsоft фирмасының орындауындағы ТСР/ІР төртдеңгейлі үлгіге жатады.
ІР хаттамасы желілік деңгейде жатыр және жіберуші мен қабылдаушы арасында дейтграммалар деп аталатын деректер блоктарын жіберуді қамтамасыз етеді. ІР хаттамасы қосылысты қамтамасыз етпейтіндіктен, сенімсіз хаттама болып табылады, яғни ІР деректердің жеткендігін растамайды, алынған деректердің бүтіндігін бақыламайды және қызметші ақпаратпен қамтылмаған. ІР хаттамасы әрбір дейтграмманы жекеше тәуелсіз бірлік түрінде өңдейді. ІР-дің негізгі мақсаты -дейтграммаларды бағыттау (дейтграммалардың түйіннен түйінге өтетін жолдарын анықтап беру).
Аныңтама. Желі түйіні - ІР хаттамасын қолдайтын желіге қосылған компьютер. Оның бір немесе бірнеше ІР-интерфейсі, әрбір интерфейстің ерекше ІР-адресі бар.
Анықтама. ІР-адрес - Интернеттегі ІР-интерфейстің 32 битті ерекше идентификатороры. ІР-адрес нүктемен бөлінген ондық сандардан құрылған октеттер түрінде жазылады.
ІР адрестің форматтары
Стандартты хаттамалар әр түрлі өндірушілердің программалық және аппараттық жабдықтауларының өзара дұрыс әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Стандарттардың екі басты жұ бы бар: OSI үлгісі және оның модификациясы болып табылатын Project 802. желі жұмысының техникалық жағын дұрыс түсіну үшін осы үлгілер туралы нақты көзқарас болуы тиіс.
1984 жылы ISO (International Standards Organization) ашық жүйелердің өзара әрекеттесуінің эталлондық OSI (Open System Interconnection) Үлгісін ұсынды. Содан бері ол халықаралық стандартқа айналды: желілік өнімдерді шығаруда өндірушілер осы үлгінің спецификацияларын пайдаланады, желілерді құруда ад осы үлгіні ұстанады. OSI үлгісі жүйелердің әрекеттесуінің әртүрлі деңгейлерін анықтап береді, әрбір деңгейдің функциясын көрсетіп оларға стандарты аттарды тағайындады. OSI үлгісі бойынша әрекеттесу құралдары жеті деңгейге бөлінеді: қолданбалы, көрсету, сеанстық, транспорттық, желілік, арналық және физикалық.